Интернетте Пермь қаласында жол бойында төбелескендердің видеосы тарап жатыр. Видеожазба YouTube хостингінде бірнеше күн бұрын жарияланып, вирусқа айналды.

Қақтығыстың неден шыққаны белгісіз, бірақ жанжалды видеоға түсірген куәгер олардың жолға таласып қалғанын айтып отыр.

Mercedes жүргізушісі көлігінен шығып, «ГАЗель» жүргізушісіне тап береді. Жүк көлігінің жүргізушісі сол арада қолына бейсбол битасын алып, қарсыласына сермей бастайды. Ал шабуылдаушы оған да бой бермей, нағыз кунг-фу стилінде аяқпен, қолмен соққылар жасайды.

Куәгерлер оларды ажыратқысы келген, бірақ тез арада райынан қайтып, кетіп қалған. Қақтығыстың қалай аяқталғаны белгісіз — куәгер оқиға орнынан кетіп қалады.

Тengrinews.kz