16 жастағы Конар Стюарт есімді жас жігіт, достарының көзінше өзін Конар Макгрегар қылып көрсетпек болған секілді. Есерлікпен үй-күйі жоқ бейшараны ұрып бедел жинамақшы болған жігіт, абайсыз кісі өлтірді деген айыппен үш жыл түрмеге қамауға алынды.

Аталмыш істің басында Стюард өзін-өзі қорғау барысында бұл әрекетке барғанын мәлімдеген.

Алайда назарларыңызға ұсынылған бейнеролик полицей назарына түскен соң абайсыз адам өлтіріп алғанын мойындайды.

Мерт болған Майкл Роудстың туыстары Конарға бар болғаны үш жыл ғана бергеніне қынжылады.

Майкл Роудс бейнероликтегі соққыдан соң үш аптадан кейін ауруханада қайтыс болған.

reactor.inform.kz