Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар мемлекеттің елшілері сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысына сенім грамотасын БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Израиль мемлекетінің елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан елшісі Икром Назаров, Әзірбайжан елшісі Рашад Эйнаддин Оглу Маммадов, Таиланд корольдігінің елшісі Нат Пиньоваттаначип табыс етті.

«Барлығыңыз да дипломатиялық миссияға алғаш рет басшылық еткелі отырсыздар. Қызметтеріңіздегі жаңа кезең Қазақстаннан басталмақ. Сіздерді құттықтай отыра, Қазақстандағы жауапты және мәртебелі миссияларыңыз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға септігін тигізеді деп сенемін», — деген Мемлекет басшысы елшілердің дипломатиялық қызметтегі жаңа кезеңі маңызды дата – Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында басталып отырғанын атап өтті.