12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

№79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды

10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күніне орай №79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, оларды қамтамасыз етудің ұлттық тетіктерін түсіндіру, сондай-ақ сотталған азаматшалардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Шараға бірқатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, арнайы кездесулер өткізілді. Атап айтсақ, адам құқықтары жөніндегі уәкіл Тулегенова Сауле Баянгалиевна, Атырау облысының прокуроры Айткалиев Арман Куандыкович, сондай-ақ Ішкі саясат басқармасы және Қазақстан халқы Ассамблеясының уәкілі Мусагалиева Кенжекыз Ергалиевна келіп, сотталған азаматшалармен ашық форматта әңгіме өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар адам құқықтарының кепілдіктері, қорғау тетіктері, шағымдану жолдары, құқықтық көмек алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың, оның ішінде жазасын өтеушілердің де негізгі құқықтары заңмен қорғалатыны, оларды сақтау – мемлекет пен құзырлы органдардың басты міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

Шара соңында сотталған азаматшалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Мұндай кездесулер түзету мекемелерінде құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін күшейтуге мүмкіндік береді.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде арнайы есеп бөлімі қызметінің қорытындысы шығарылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде «Оралханның тәрбиелік ойлары» атты кинопоказы мен кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...