12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Еске салайық, бұған дейін Парламент үш жылдық бюджетті бекітті.

Негізгі көрсеткіштер қалай өзгереді?

  • АЕК — 4 325 теңге (2025 жылы бұл — 3 932 теңге).
  • Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — 85 000 теңге (өзгеріссіз).
  • Ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге (2025 жылы бұл — 62 771 теңге).
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге (2025 жылы бұл — 32 360 теңге).
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге (2025 жылы бұл — 46 228 теңге).

Айта кетейік, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мына жағдайларда қолданылады: жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу; салық және басқа да міндетті төлемді есептеу; айыппұл мен басқа санкциялардың мөлшерін анықтау. Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Айыппұл бойынша

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерген соң айыппұл көлемі де өзгереді. Мәселен жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 21 625 теңге болады. Сағатына 20-40 шақырымнан асып кеткені үшін 10 АЕК, бұл дегеніміз — 43 250 теңге. Сағатына 40 шақырымнан асқаны үшін 20 АЕК, яғни 86 500 теңге төлеуге тура келеді. Бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК, 129 750 теңге төлеуі қажет.

Тұман, боран, көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, көптеген аймақтарда тұман, қар, көктайғақ пен боран...

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мерзімді әскери қызметшісі...

Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, -...

ҚҚС төлеушілер нені білуі керек: Негізгі талаптар мен мерзімдер

ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы...

Аймағамбетов 2026 жылы азаматтардың өмірін жеңілдететін өзгерістер болатынын айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2026 жылға арналған жоспарлары туралы...